Мемлекет басшысы "Turkistan" газетіне берген сұхбатында: "Қазақстан цифрлық державаға айналуы керек. Бұл – қазіргі жаңа технология дәуірінде өркениетті ел болып қалудың бірден-бір жолы.
Халқымыздың ой-санасы мұндай инновацияларға дайын екеніне сенімдімін. Оның үстіне елімізде азаматтардың өмір салтын едәуір өзгерткен танымал финтех компаниялар табысты жұмыс істеп жатыр", деген болатын. Президент пікірін өңір жастары да қолдайды.
Жасанды интеллект, цифрлық технологиялар саласының негізгі қозғаушы күші де нақ осы жастар екені белгілі.