Мемлекеттен жер алып, бірақ нысаналы мақсатта қолданбаған кәсіпкерлерден жерді қайтару жұмыстары жалғасып жатыр. 2022 жылдан бері 1 млн 256 мың гектар аумақ қайтарылды. Бұл жайылымға жер жетпей жатқан аудандардың халқы үшін қуанарлық жайт. Дегенмен, әлі де өңірдің кейбір аудандарында мал өрісі тар. Жер жетпейді. Әсіресе, Мәртөк, Алға ауданындағы жайылымның тапшылығы тұрғындарды алаңдатып отыр. Алайда, жерді қожалықтарға беру арқылы қазына салық төлемдері түседі. Яғни, жерді дұрыс мақсатта пайдаланушыларды мемлекет қолдауға дайын.