Аймақ басшысы Есет батыр шағын ауданында орналасқан 2000 орындық жайлы мектепке барды. Білім ордасының ашылуын жергілікті тұрғындар асыға күткен болатын. 


Бұл тұрғын алаптағы «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған екінші нысан. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып отыр. 


Асхат Шахаров жаңа ғимараттың материалдық-техникалық базасын аралады. Оқу жағдайымен танысып, педагогтер, ата-аналар және оқушылармен кездесті.