Мемлекеттік тілді үйренуге ден қойған ақтөбеліктерге "Заң мен тәртіп" қағидасы түсіндірілді. Тілдерді оқыту орталығында білім алушылардың назарына тақырыпқа қатысты кітап көрмесі ұйымдастырылды. 


Заң мен тәртіп -қоғамдағы қауіпсіздіктің кепілі, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуші құрал. Сондықтан, бұл ұстанымды әр азамат санасына сіңіруі тиіс,- дейді ұйымдастырушылар. 


Қазір мұнда ана тілімізді үйренуге ниетті 15 адам оқып жатыр