Бүгін №3 мектепте "Жастарға кеңес" жобасы аясында кездесу өтті. Прокурорлар оқушыларға жиі кездесетін құқықбұзушылықтар туралы айтып, олардың сауалына жауап берді.
Алаяқтық, есірткі тасымалы және оның жазасы жайлы мол мәлімет берілді. Сала өкілдерінің айтуынша бүгінде телеграм арналары арқылы жастарды қылмысқа тартатын адам көп.
Сондықтан белсенді жастар мен құқық қорғау саласы мамандарымен бірлескен түсіндіру, алдын алу жұмыстарын өткізіп жатыр.