Биыл дәрігерлердің құқығын қорғау жұмыстары жетілдіріліп, еңбек ақылары өседі. Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиевтің мәлімдеуінше, соңғы жылдары салаға бөлінетін мемлекеттік қаржы да үш есеге артқан.
Соның ішінде Ақтөбе өңіріндегі медицинаны қаржыландыру 2023 жылдан бері 38 пайызға көбейген.