Облыс әкімі Асхат Шахаров Қытай Халық Республикасының делегациясымен кездесті. Аймақ басшысы қытайлық ірі компания өкілдеріне іскерлік сапары үшін алғысын білдірді.
Өңірімізбен байланыс орнатқан сауда-экономикалық серіктестердің бірі болып қала беретінін жеткізіп, өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге ашық екенін мәлімдеді. Айта кетейік, былтыр Ақтөбе облысы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы тауар айналымы 777 млн АҚШ долларын құраған.
Оның ішінде экспорт – 601 млн доллар, ал импорт – 175 млн доллар шамасында болды.