БҰҰ 2026 жылды волонтерлар жылы деп жариялаған болатын. Бұл тұста елімізде де бірқатар ілкімді істер жүзеге асырылып, ерікті топтар мен белсенді жастардың жұмысын қоғам арасында кеңінен насихаттау жолға қойылып отыр. Алдымен, табиғат жанашырына айналып үлгерген эко-волонтерларды дәріптеу маңызды. Бір қуанарлығы жылдан-жылға аймақта нақ осы санаттағы жастардың қатары артып келеді.