Қалалық прокуратура мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері Ақтөбе ферроқорытпа зауытының жұмысшыларымен кездесті. Бас қосуда еңбек қауіпсіздігі мен жұмыскерлердің құқықтары түсіндірілді. Қатысушыларға қауіпсіздік шаралары, міндетті медициналық тексеруден өту, жұмыс орнында денсаулықты сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, еңбек заңнамасының нормалары, оның ішінде демалыс уақыты мен ауыр және қауіпті жұмыстарға ақы төлеу мәселелері талқыланды. Айтайық, мұндай түсіндіру жұмыстары облыстағы кәсіпорындарда тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Олардың мақсаты – жазатайым оқиғалардың алдын алу және құқықтық тәртіп мәдениетін нығайту.