Соңғы 10 жылда Қазақстан арқылы тасымалданған жүк көлемі екі есеге артты. Ал 2029 жылдың соңына қарай бұл көрсеткіш тағы 2,5 есе өседі. Экономикалық зерттеулер институты сарапшыларының пайымы - осы.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Түркістан» газетіне берген сұхбатында Қазақстанды Еуразияның ірі көлік-логистикалық хабына айналдыру мақсаты қойылғанын атап өтті.
Қазіргі таңда бұл бағытта ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. 2030 жылға дейін 5 мың шақырым теміржол салу және жаңғырту, 11 мың шақырым теміржолды жөндеу жоспарланған. Сонымен қатар 4 жаңа әуежай салынып, қолданыстағы әуежайлардың өткізу мүмкіндіктері кеңейтілуде.
Стратегиялық маңызы бар бағыттарға автожолдар да салынуда