Православтықтар 19 қаңтарда шоқыну мерекесін атап өтеді. Бұл күні шомылу рәсімі үшін облыс аумағында 13 орын белгіленді. Барлық орын әкімдіктердің және төтенше жағдайлар департаменттерінің ресми сайттарында көрсетілген. Ал, өз бетінше суға түсу орнын белгілеп, мереке тойлағандар жауапқа тартылады.