Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, екі жыл бұрын энергетикалық және коммуналдық секторды жаңғыртуға бағытталған Ұлттық жоспар бекітілді. Мақсат - ел бойынша апат деңгейін 20 пайызға, энергетикалық және коммуналдық активтердің тозу деңгейін орта есеппен 40 пайызға төмендету көзделген. Жоба бойынша жұмыстар облыс аумағында да жоспарланған.