Биыл пайдаланылмай жатқан 80 мың гектар жер мемлекеттік меншікке қайтарылады. Ал бұған дейін соңғы 3 жыл ішінде мемлекеттік меншікке 1 млн 256 мың гектар ауыл шаруашылығы жері қайтарылған болатын. Мұндай нәтижелі жұмыстар нақ осы жылы қарқынды түрде жүзеге аспақ. Бұл туралы облыс әкімінің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде айтылды.