Елімізде айлық есептік көрсеткіштің өсуімен қатар құжаттар да қымбаттады. Енді жүргізуші куәлігі үшін 5 406 теңге төлейсіз. Ал, неке туралы куәлік 4 325 теңге. Туу туралы куәлік бұрынғыша тегін. Бірақ, қайта жасату керек болса, мәселен жоғалтып алсаңыз 2 163 теңге төлеу қажет.
Айта кетейік, азаматтардың кей топтары құжаттарды тегін рәсімдей алады.
Олар: құрметті атағы бар көпбалалы аналар, соғыс ардагерлері, мүгедектігі бар адамдар мен олардың асыраушылары, жетім балалар, сондай-ақ жоғары мемлекеттік награда иелері.