Өңірде жастарды заманауи IT-дағдыларға бейімдейтін IT Park ашу жоспарлануда. Жоба аясында білікті IT мамандар даярланады.
Орталық базасында жасөспірімдер мен 18 жастан асқан жастар білім алып, әлемдік тәжірибелермен танысады. Осы және өзге де жаңа бастамалар жөнінде өңірлік коммуникациялар алаңында басқарма басшысы айтып берді.