Облыс аумағында "Қауіпсіз кәсіпкерлік нысаны" акциясы басталды. Онкүндік аясында қоғам белсенділері бизнес объектілерін аралап, қар тазалау, мұзды оюу, тайғақ жерлерге құм себу, жалпы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Бүгін Астана ауданы әкімдігінің бастамасымен жұмыс тобы Алтын орда шағын ауданындағы жеке балабақшалар мен сауда орындарын, өзге де коммерциялық мекемелерді аралап шықты.