Облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері интернет-алаяқтық фактісі бойынша жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Павлодар қаласында 22 жастағы күдіктіні ұстады. Анықталғандай, Ақтөбе қаласының тұрғынына белгісіз адам қоңырау шалып, өзін ұялы байланыс операторының қызметкері ретінде таныстырған. Кейін жәбірленушіге өзін банк қызметкері ретінде таныстырған тағы бір адам хабарласып, соның нәтижесінде жәбірленуші 1 600 000 теңге көлемінде несие рәсімдеп, көрсетілген есепшотқа ақша аударған.