Өңірде қағаз қалдықтарын қайта өңдеу зауыты іске қосылады. Картоннан экологиялық таза қаптамалар әзірлейтін кәсіпорын жаңа инвестициялық жобаны жүзеге асырмақшы.
Осылайша импортқа тәуелділікті азайтып, отандық өндірісті дамыту көзделіп отыр. Гофроқаптама, картон қораптар және стретч-пленка өндіретін заманауи өндірістік кешеннің жұмысымен мәжіліс депутаттары танысты.