Аймақта кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында "Демалыс" жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді. 


Рейд барысында түнгі уақытта ата-анасының немесе заңды өкілінің қарауынсыз жүрген 191 жасөспірім полиция бөлімдеріне жеткізілді. Оның ішінде 27 кәмелетке толмаған қайталап құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды. 


Сонымен қатар, жауапкершілікке ата-аналар және заңды өкілдер, сондай-ақ түнгі уақытта балалардың ойын-сауық орындарында болуына жол берген бір мекеме иесі тартылды. Полиция қызметкерлері алдын алу шараларын тұрақты жүргізіп келеді.