2025 жылы облыс бойынша 1229 интернет алаяқтық дерегі тіркелді. Бұл екі миллард теңгеге жуық шығын келтірді. Қазір алаяқтықтың ең белең алған түрі түрлі мекеменің атын жамылып қоңырау шалушылар.
Код сұрап, шотыңыздағы ақшаны сыпырып алу алаяқтар үшін сәнге айналды.
Полиция зардабын айтып, сақтық жайын сан мәрте ескертсе де алданып, сан соғып қалғанждар азаймай тұр. Оның үстіне құйтұрқылар ақша үшін алдауда жас, кәрі деп таңдамайтын болды.