Мамандығын кәсіпке айналдырған - тігінші. Шалқар ауданында он қолынан өнер тамған шебер иесі тұрады. Көп балалы ана Нора Сарсембаева биыл "Бастау бизнес" жобасы арқылы мемлекеттік қайтарымсыз грант ұтып алып, кәсіптік нысанын ашты. Сөйтіп, заманауи үлгіде перде тігуді қолға алған.