2026 жылы ҰБТ-ға өзгеріс енгізілмейді. Талапкерлер бұрынғыша 5 пәннен тест тапсырады. Қазірден бастап оларға мамандық таңдау бойынша дұрыс бағыт-бағдар да қажет. Бүгін қалалық білім бөлімі мен жоғары оқу орнының мамандары ата-аналардың басын қосып, түлектердің жиі жіберетін қателіктері мен мемлекеттік грантқа қатысты сұрақтарына жауап берді