Ал Құдайберген Жұбанов атындағы өңірлік университетте "Заң мен тәртіп" идеологемасын түсіндіруге арналған семинар өтті. Іс-шара аталған бағыттағы жұмыстарды ілгерілетуге және құқықтық ағарту саласындағы ведомствоаралық өзара іс-қимылды дамытуға арналған. Заң саласының мамандары студенттерге құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар барысын түсіндірді.