Аймаққа жұмыс сапарымен Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы келді. Бас мүфти өңір имамдарымен және ақсақалдармен кездесіп, келелі жиын өткізді. Биыл басқарманың атқарған жұмыстары айтылып, бірқатар қызметкерлерге марапат берілді. Сонымен қатар, аудан мешіттеріне қызметтік көлік табысталды.