Өңірде "КАБА" Батыс Қазақстан салық форумы өтті. Онда қатысушыларға қосымша құн салығы мен кооперативтік табыс салығына қатысты жаңа Салық кодексі түсіндірілді. Биыл екінші мәрте ұйымдастырылған форумға еліміздің түкпір-түкпірінен келген 500-ден астам сала мамандары қатысты.