Қала жолдарын қыста күтіп ұстау
Қала жолдарын қыс пен көктемде күтіп ұстауға әзірлік аяқталып келеді. Облыс орталығында 357 техника дайын. Жергілікті әкімдік 18 учаскеге жауапты мердігерді анықтап қойды. Сонымен бірге тұз, тұз-құм қоспасы, құмды да жинап үлгерді. Облыс әкімі Асхат Шахаров қайтарылған активтер есебінен салынып жатқан балабақша құрылысын да қарап шықты.