Демалыс күндері қалада күндіз күн бұлтты, түнде жауын-шашынды. Дегенмен, ауа температурасы 6 градус жылы болады. Ал облыс аумағында қар аралас жаңбыр жауады, деп күтілуде. Түнде көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Сондықтан синоптиктер жолаушыларға алыс сапарға шығуды әзірге кейінге қалдыруға кеңес береді.