Өңірде «Учаске» жедел-профилактикалық шарасы басталғалы 173 мың пәтер мен жеке үйлерге рейд жүргізілді. Оның барысында 3484 азамат әкімшілік жауапқа тартылды.  


Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары саяжайлар мен шаруа қожалықтарын назарға алған. Мақсат - түрлі құқықбұзушылықтар мен қылмысты болдырмау. Учаскелік жедел алдын алу шарасы 1 желтоқсанға дейін жалғасады.