Жыл басынан бері облыста мыңға жуық адам алаяқтардың арбауына түскен. Келтірілген шығын 1 жарым млрд теңге. Қаражаттарынан қағылғандардың қатары 35 жастан асқан азаматтар. 


Тіпті кейбіреулері айлакерлерге ақшаны өз қолдарымен ұстата салған. Жәбірленушілер, банк қызметкерімін, поштадан хабарласып тұрмын, сізге сыйлық бар, деп қоңырау соққандарға сеніп қалған. 


Сенімге кірудің жолдары да көбейіп келеді.