Аймақта 3 жылдан бері ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Оның аясында ауыл тұрғындарының жобаларын қаржыландыруға 15 млрд теңге бөлінген. Ал үміткерлер тарапынан өз кәсібін ашуға 2800 өтініш қабылданған. Мәселен, бір ғана Қарғалы ауданында биылдың өзінде мал шаруашылығын, сондай-ақ шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында 13 жобаға қаржы бөлінген.