Шалқарда мыңжылдықты болжаған көреген, кемеңгер би, шешендік дәстүрдің шебері, дала данышпаны — Мөңке бидің 350 жылдық мерейтойына арналған «Дала дастаны» атты облыстық жыршы-термешілер байқауы өтті. Аймақтық байқауда таңдайынан жыр төгілген дүлдүлдер өзара бақ сынады.