"Жібек жолы" тұрғын алабының жолы атына сай болмай тұр. Алматы ауданына қарасты елдімекендегі ең өзекті мәселенің бірі осы тас жол. Бұл сұрақ бүгін аудан басшысының халықпен есептік кездесуінде кеңірек айтылды. Бұдан бөлек көше шамдары мен көне мектептердің жайы да сөз болды.