Қалалық техникалық шығармашылық орталығының оқушысы Анэлия Амантаева республикалық робототехника жарысынан жүлделі оралды. Оның ерекше роботы көптің көзіне түсіп, үшінші орынға ие болды. 15 жастағы оқушы қыздың бұл алғашқы жетістігі емес. Бұған дейін де бірнеше роботты құрастырып шығарған.