Күзгі мезгілде дендей түсетін дерттің бірі - жедел респираторлы вирустық инфекция. Аймақта тұмаумен жыл басынан бері 3242 науқас емделген. Оның 2 мыңнан астамы бала. 


Ал қазіргі уақытта облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында 82 науқас ем алып жатыр. "Әзірге жағдай тұрақты", дейді салаға жауаптылар. 


Сонымен қатар, қалалық емхана дәрігерлері азаматтарға жедел респираторлы вирустық инфекциялардан сақтанудың қарапайым жолын түсіндірді. Ол - екпе.