Қазан айының соңғы жексенбісі "Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні". Бүгінде қала бойынша бұл салада 300-ден астам маман қызмет етіп жүр.  


Жалғызбасты қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек беріп, қайғысы мен қиындығын бөліскен әлеуметтік қызметкерлер кәсіби мереке қарсаңында қала басшысы қолынан алғыс хат алды.