Экобелсенділер жасарып келеді. Олай дейтін себебіміз Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті кәсіби-шығармашылық факультетінің 100-ге жуық студенті «Қалдықсыз шығармашылық» арт-инсталляция көрмесіне туындыларын ұсынды. 


Бұл арқылы олар тұрмыстық қалдықтарды шығармашылық көзқараспен қайта өңдеп, табиғатты қорғаудың маңызын өнер арқылы көрсетті.