Қан тапсырып, өзгеге өмір сыйла. Еріктілер ұйымдастырған донорлық акцияға бұл жолы 50 ақтөбелік қатысты. Ертемен орталыққа келіп, қан тапсыру ережесімен танысқан ерікті жастар медициналық тексерістен өтіп, қан тапсыру процесіне қатысты. Шараны облыстық волонтерлік фронт офисі ұйымдастырды.
Мамандандырылған медициналық мекеме күніне 50 науқасқа қан мен плазма жөнелтеді. Қан қорын негізінен волонтер-донорлар толтырып отырады.
Орталық тегін қан тапсырушылар саны бойынша республикада өзге өңірлерден алда тұр-дейді мамандар. Мыңға жуық азамат тұрақты донор ретінде тіркелген.