Келер жылдан бастап елде жаңа Салық кодексі қолданысқа енгізіледі. Негізінен бұл өзгерістер ел экономикасы мен бизнестегі тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл салық жүйесін жаңартып, әкімшілендіруді жеңілдету, бизнес пен азаматтарға арналған заманауи цифрлық сервисті енгізуді көздейді.
Мәселен, 2026 жылдан бастап салық есептілігінің көлемі 30 пайызға, салықтардың саны 20 пайызға азаяды. Елеулі өзгерістер жеке табыс салықтарынан бастап барлық бағытты қамтиды. Яғни жеке табыс салығының сараланған мөлшерлемесі белгіленеді. Салықта жеңілдік көбейеді. Қосылған құн салығының мөлшері де өзгереді.
Бұл туралы құзырлы министрліктен аймаққа арнайы келген өкілдер мәлімдеді. Кездесуде олар жер, мүлік салығына қатысты өзгерістерге тоқталып, кеңінен түсіндірді. Жиынға 120-дан астам жергілікті орган өкілдері қатысып, түрлі сала мамандары сауал жолдады.