«СӨЙЛЕ» КЛУБЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ЛЕГІ БАСТАЛДЫ
Қазақ тілін үйренем деген адамға қазір толық мүмкіндік бар. Оқу құралы, әдістеме де жеткілікті. Тек ниет керек. Әрі түрлі клубтар тегін қызмет көрсетуге көшкен. Мәселен «Менің елім-менің тілім» республикалық жобасы аясында «Сөйле» тілдесу клубы ашылған.
Жобаның негізгі мақсаты-мемлекеттік тілді дәріптеу және оқыту. Клуб біздің өңірде ғана емес, еліміздің 12 аймағында қызмет атқарып келеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қазақ тілін меңгергісі келетін адамдардың саны артуда.
Дәріс әр сенбі-жексенбі сайын тегін өткізіледі.