Денсаулық сақтау, төтенше жағдай және ветеринария мамандары біліктіліктерін шыңдады. Бұл тұтқиылдан қауіп төніп, оқыс жағдай бола қалса әр маман әзір болуы тиіс деген мақсат.

Осыған сәйкес елдегі Ұлттық қоғамдық денсаулық орталығы биылдан бастап колумбиялық мамандармен бірлесіп жоба іске асыруда. Ал, оның негіздерін түсіндіру үшін қалада үш күндік семинар басталды.

Шара Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы өкілдегімен бірлесіп ұйымдастырылды.