«Оқушының кемшілігін көргіш болсаң, ықыласын өлтіресің. Одан да жеңісін ізде». Бұл — Ақтөбедегі дарынды жасөспірімдерге арналған лицей-интернатының ұстазы , Аян Баянбекұлының айнымас ұстанымы.
Ұстаздық тәжірибесі 20 жылға жуықтаған ол оқушылардың жүрегінен орын алып, шәкірттерін 30-дан аса республикалық додаларға қатыстырған.
Білікті маман жуырда республикалық тамыз кеңесіне қатысып, Мемлекет басшысы қолынан «Ерен еңбегі үшін» медаліне ие болды.