Биыл облыста 359 өрт тіркеліп, салдарынан 5 адам көз жұмды. Тағы тоғызы әртүрлі дене жарақатын алды. Келтірілген материалдық шығын көлемі 151 млн теңгені құрайды. Жауапты сала мамандары қызыл жалынның алдын алып, тұрғындарды сақ болуға шақырды. Қауіпсіздік талаптары жайлы бүгін өңірлік коммуникациялар алаңында айтылды.