Байғанин ауданының Көлтабан ауылдық округіне қарасты Қораши ауылы газ желісіне қосылды. Жобаның жалпы құны – 216 миллион теңгеден асады. Мал асырап, тезегін отын қылып отқа жағып, жан бағып отырған елдімекен тұрғындары енді көгілдір отынның игілігін көрмек.