"Мен сіздің бастығыңызбын!" Интернет алаяқтар алдаудың жаңа тетігін ойлап тапты. Өкінішке қарай, тағы бір қала тұрғыны дәл осылай қармаққа ілінді. Оған белгісіз біреу өзін кәсіпорынның бастығы ретінде таныстырып, есепшотқа қаржы аударуын өтінген.

Қаскөйдің бұл сөзіне сенген тұрғын 22 млн теңгесін еш ойланбастан аудара салған. Одан қалса пәтерінен де бір мезетте айырылған.