Абай күніне орай қаладағы қоғамдық көліктерде Абай әндері жанды дауыста шырқалды. Ерекше шараға мұрындық болған "Жастар рухы" жастар қанаты және "Родина.KZ" қоғамдық бірлестігі.

Жолаушылар діттеген аялдамаға жеткенше Абай әндерін тыңдап, хакімнің шығармашылығымен танысты. Қосыла шырқап, автобуста ән айтқан жолаушылар да жетерлік.