Облыстағы 80 мектепте оқушы саны жетпейді. Аудан, ауыл әкімдеріне көпбалалар отбасыларды шақырып, қоныстандыру тапсырылды. Балалар мектепке орналасса, ересектер шаруа қожалықтарында жұмыс істеуі қажет. Қазір бірнеше аудан осы тапсырманы сәтті орындаған. Бірақ әлі де бірнеше ауылдың мектебіне жабылу, қысқарту қаупі төніп тұр.