Абай елінде кемеңгер ақынның 180 жылдық мерейтойына арналған шара жалғасып жатыр. Кеше «Адамзаттың Абайы: руханият, парасат, таным» атты халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Мәні мен мағынасы терең жиынға елімізден әр аймағынан аттай қалатып алдырған зиялы қауым өкілдері қатысты. Араларында өңірімізден арнайы барған делегация мүшелері де бар. Онда, зерттеушілер мен тарихшы ғалымдар, Абайтанушылар ақынның өшпес мұрасы жайындағы тың зерттеулерін бөлісті. Келелі жиында тарихи тұлғаның өмір жолы мен жауһар шығармалары жинақталған үш томдық су жаңа кітаптың тұсаукесері өтті.