Абай еліндегі кемеңгер ақынның 180 жылдық мерейтойына өңірімізден арнайы делегация барды. Жалпы 10 күндік ауқымды мәдени көпшілік шара аясында Қарауылға 180 киіз үй тігілді. Әрқайсысы - тарих пен салт-дәстүрдің айнасы.

Соның ішінде Ақтөбе облысының атынан тігілген 12 қанатты көрмелік, 8 қанатты мультимедиялық кино көрсетілген ағаш үйге келушілердің, қызығушылардың саны артқан.

Онда сонау Ырғыз өзені бойында дүниеге келген Абайдың арғы атасы Ырғызбайдың өмір жолынан бастап сыр шертетін тағылымы мен тарихи құндылығы мол деректі фильм көрсетілді.