Ырғыз ауданының Жарма ауылында жаңа мектеп салынып, қолданысқа берілді. Бұған дейін ауыл балалары әбден тозығы жеткен, қабырғасы саз бен қамыстан салынған білім ордасында оқып келді.
Ескі ғимарат 2021 жылы апатты деп танылғаннан кейін ғана жаңа нысанның құрылысы басталыпты.