Ойыл ауданы орталығындағы “Тәуелсіздіктің 20 жылдығы” атындағы орталық саябақта «Ұлы халықтың – Ұлы Абайы» атты кітапханалық гүлзар ұйымдастырылды.
Шараға жиналған қауым ұлы ақынның өлеңдерінен үзінді оқып, Абайдың шығармашылығына қатысты сұрақтарға жауап беріп, сыйлықтарға ие болды. Тұрақты оқырмандар мен шараға қатысушылар өз пікірін білдіріп, Абай мұрасының бүгінгі өмірмен байланысын атап өтті.
Бұл шара ұлы ақынның шығармаларын кеңінен насихаттауға және оқырмандардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.
РУХАНИ КЕШ
Ал Алға қаласында әдеби-сазды кеш өтті. Мұнда да ұлы ақынның таңдаулы өлеңдері оқылып, қара сөздерінен үзінділер ұсынылды. Сонымен қатар Абай әндері шырқалып, көрермендерге рухани-мәдени кеш сыйлады.
Кешке жергілікті өнерпаздар, оқушылар мен қала тұрғындары қатысты. Іс-шараның мақсаты – Абай мұрасын жастарға насихаттау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және қазақ әдебиеті мен мәдениетіне деген құрметті арттыру.